БҚИТУ салалық технологиялар институтының Құқық кафедрасы жасалған келісімдер негізінде отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен өзара іс–қимылға белсенді қатысады, оның шеңберінде Ақтөбе қаласының Қазақ-Орыс Халықаралық университетімен академиялық ұтқырлық форматында оқытушылар сабақтар өткізеді. Академиялық ұтқырлық 2023-2024 оқу жылының екінші жартыжылдығын қамтиды. Тәжірибе алмасу оқытушылар мен білім алушыларға теориялық және практикалық әлеуетті байыту саласында үлкен мүмкіндіктер береді. Құқық кафедрасынан келесі оқытушылар дәрістер оқиды: з.ғ. к., Т. х. Рахметов, аға оқытушы Е. А. Қарағойшиев, құқық магистрі Г. К. Қуатбек, олар білім алушымен құқықтану саласындағы іргелі пәндерді оқыту тәжірибесімен бөліседі.

