2025 жылғы 15 сәуірде кафедраның кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу кестесіне сәйкес Орал қаласының “Эстетикалық бағыттағы гимназиясы” ШЖҚ МКК 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу барысында университеттің білім беру бағдарламалары туралы мәліметтер ұсынылды.

Құқық кафедрасының аға оқытушысы А.К.Отеуова университеттің шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастығы шеңберінде студенттердің шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндігіне, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының жұмысына ерекше назар аударды.

Құқық кафедрасының аға оқытушысы А.К.Отеуова оқушыларды заңгерлік білім алу мүмкіндіктерімен, мамандықтың келешегімен және құқықтану саласындағы мамандардың сұранысымен таныстырды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz