Халықаралық студенттер күні – білім беру саласында табысқа жеткен студенттердің еңбегі мен белсенділігін бағалайтын, олардың жетістіктерін алға шығаратын ерекше күн. Бұл мереке университеттің академиялық және қоғамдық өміріне қосқан үлесі үшін студенттерді тануға, олардың шығармашылық және кәсіби қабілеттерін ынталандыруға арналған.

Осы орайда, 6В04202 – Құқықтану білім беру бағдарламасының төмендегідей студенттеріне: Арыстан Нұрлыбек, Олжабай Нурмурат, Тлеп Мирас, Мухамбетова Жеңіс, Амангелдіқызы Айнара университетіміздің құрылтайшысы А.К. Бозымова тарапынан алғыс хаттар табысталды. Бұл марапат студенттердің оқу процесіне белсенді қатысуы, ғылыми зерттеулерге қосқан үлесі және университеттің қоғамдық өмірін дамытудағы ерік-жігерін мойындау мақсатында берілді.

Алғыс хат иеленген студенттер оқу үдерісінде белсенділік танытып қана қоймай, университеттің қоғамдық өмірін жандандыруға және академиялық ортада өзіндік үлесін көрсетуге ерекше үлес қосты. Олардың жетістіктері – білімге деген құштарлық пен шығармашылық қабілеттің айқын көрінісі, сонымен қатар болашақ құқық саласындағы кәсіби жетістіктердің негізі болып табылады.

Білім алушыларға шығармашылық табыс, ғылыми-зерттеу жұмыста және академиялық жетістіктерде толағай жетістіктер тілейміз. Халықаралық студенттер күні – жастардың еңбегін бағалайтын, оларды ынталандыратын, университет қауымдастығының бірлігін күшейтетін мереке ретінде есте қалмақ.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz