Құқық кафедрасында Наурызнама тұжырымдамасы аясында Ұлттық спорт күніне арналған мерекелік шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға серіктес жұмыс берушілеріміз – Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің өкілдері арнайы қонақ ретінде қатысты. Кездесу барысында департамент өкілдері оқу орнының құрылтайшысы Айгүл Казбаевнаға өзара ынтымақтастық пен білім беру саласына қосқан үлесі үшін алғыс хат табыстады.
Мерекелік шара барысында білім алушылар қазақтың ұлттық ойындарынан сайысқа түсіп, өздерінің ептілігі мен шеберліктерін көрсетті. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған бұл сайыс жастардың қызығушылығын арттырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық спорт түрлерін насихаттау, салт-дәстүрлерді құрметтеу және жастарды салауатты өмір салтына баулу болды.


