Құқық кафедрасының жұмыс жоспарына сәйкес 30 қыркүйекте БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен ынтымақтастық туралы меморандум аясында 6В04202 Құқықтану ББ 3 курс білім алушылары үшін ҚАЖД қызметкерлерінің қонақ дәрісі өтті.

“ҚР Құқық қорғау органдары” және “ҚР Қылмыстық-атқару құқығы” пәндері бойынша студенттермен кездесуде БҚО бойынша ҚАЖД жеке құрамымен жұмыс жөніндегі бас маманы әділет подполковнигі С.С.Әлімбаева-құқық кафедрасы Академиялық комитетінің мүшесі және № 74 мекеменің тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімінің бастығы әділет майоры М. Б. Төлепов тақырыптарды мазмұнды ашты- “Қазақстан Республикасында жазаларды орындау кезінде қылмыстық-атқару жүйесін құрудың рөлі”,”ҚР-дағы түзеу колониялары режимдерінің түрлері”.

 ҚАЖД дәріскерлерімен қарастырылып отырған тақырыптар бойынша бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ білім алушыларға қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі ҚАЖД қызметкерлерінің міндеттері мен құқықтары, осы құқық қорғау органына қызметке кіру тәртібі және қызметкерлердің әлеуметтік пакеті туралы жеткізілді. БҚО бойынша ҚАЖД жарнамалық материалдары таратылды.

 Білім алушылар алдында сондай-ақ №74 мекеменің бейнебақылау операторы, Әділет департаментінің 4 курс студенті Маликова Лунара сөз сөйледі, ол өзінің таңдаған мамандығы, ҚАЖД қызметіне орналасу,2025 жылы ҚР ІІМ Қостанай академиясы жанынан арнайы даярлықтан өту және қазіргі кездегі жұмысы туралы бөлісті.

 Әділет офицерлері білім алушылардың сұрақтарына жауап беріп, оларды практикадан өтуге және БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қызметке кіруге шақырды.

Кафедра меңгерушісі Ж.К.Тулеугалиева құқық кафедрасының барлық профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерінің атынан жұмыс берушілерге мазмұнды дәріс оқығандары үшін алғысын білдіріп, оларға қызметте табыс және біздің университетпен одан әрі жемісті ынтымақтастық тіледі.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz