2024 жылы 21-ақпанда Салалық технологиялар институтының “Мұнай-газ инженериясы” кафедрасында Ю. А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетімен ынтымақтастық шеңберінде “Энергия тасымалдаушыларды жетілдіру және газбен, сумен қамтамасыз ету жүйелерін дамытудың ғылыми-техникалық мәселелері” атты VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
“Мұнай, газ және қайта өңдеу өнімдерін тасымалдау және сақтау, өндіру объектілерін дамыту, модельдеу және оңтайландыру”секциясы.
Іс-шараны өткізудің мақсаты: мұнай-газ секторына инновациялық технологияларды енгізу, жасалған келісімді іске асыру, Ю. А. Гагарин атындағы СГТУ мен БҚИТУ арасындағы екіжақты ғылым мен білім саласындағы халықаралық қатынастарды реттеу мақсатында маңызды мәселелерді талқылау.
БҚИТУ салалық технологиялар институтының директоры, т.ғ.к., профессор Билашев Бауыржан Акимжанұлы және Ю.Гагарин атындағы Урбанистика, сәулет және құрылыс институтының директоры, т.ғ.к., доцент Александр Владимирович Страхов құттықтау сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел барысында баяндамалар жасалды:
- Т.Б. Орынов 2-курс магистранты және Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-нің аға оқытушысы А.С.Купешова; 2. М.А. Буркацкий СТЗС-11, 3 курс магистранты.
- С.В.Фокин “Жылу-газбен жабдықтау және мұнай-газ ісі” кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты.
- Л.А. Чурикова техника ғылымдарының кандидаты, “Көлік және технология” кафедрасының асс. профессоры.
- К.А. Елманов СТЗС-21, 2-курс магистранты.
- Д.М. Өтегенов студент НД-31о, ғылыми жетекшісі, т.ғ.м., А. К.Кадиралиев.
- Н.Р.Бекесов 1-курс магистранты, ғылыми жетекшісі т.ғ. к., асс.профессор С.З.Ахметжан
- Д.С.Яковлев “Жылу-газбен жабдықтау және мұнай-газ ісі” кафедрасының аспиранты, ғылыми жетекшісі т.ғ.д., доцент Н. Н.Осипова.

