Педагогикалық шеберлік мектебі аясында ветеринариялық бағыттағы пәндерді оқыту тәжірибесімен алмасу мақсатында БҚИТУ салалық технологиялар институтының ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасы “Ветеринариялық цикл пәндері бойынша оқу қызметін ұйымдастырудағы инновациялық технологиялар” тақырыбында халықаралық қатысумен дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараға П.А. Столыпин атындағы Ульяновск мемлекеттік аграрлық университетінің, Орынбор мемлекеттік аграрлық университетінің, Краснодар зоотехния ветеринария ғылыми орталығының оқытушылары қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар халықаралық қатысумен “Ветеринария”, “Ветеринариялық медицина” білім беру бағдарламаларының бейіндік пәндері бойынша сабақтарда инновациялық, интерактивті әдістерді қолдану бойынша қызықты және мазмұнды баяндамалар ұсынды: IT-технологияларды, жануарларды қолдан ұрықтандыруға арналған заманауи тренажерді, білім беру үдерісіндегі ғылыми зерттеулердің нәтижелерін пайдалану.
Серіктес жоғары оқу орындарының оқытушылары арасындағы пікірталас білім алушылардың білім деңгейін жақсарту үшін оқытудың заманауи инновациялық әдістерін қолдану қажет деген ортақ пікірге әкелді. Жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық осы бағыттағы жұмысты одан әрі күшейтеді.


