Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы 21 қазанындағы №1055 Жарлығына сәйкес, университетіміздің Құрметті профессоры, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Заманауи зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, саясаттану докторы (PhD), профессор Мұхит-Ардагер Қаржаубайұлы Сыдықназаров А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды.

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ұжымы Мұхит-Ардагер Қаржаубайұлын осы елеулі жетістігімен құттықтап, жаңа шығармашылық табыстар тілейді.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz