10-15 қазан аралығанда «Шабыт» шығармашылық орталығы мен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Oral-Jastary-2024» фестивалі өткізілді.
Қаламызда екінші мәрте өткен бұл фестивальде ЖОО және АОО студенттері белсене қатысып, «Мамандығым мақтанашым»,«Хор ұжымы»,«Замануи би», «Садақ ату», «Шахмат», «Шағын футбол», «Волейбол», «Пікір-сайыс» аталымдары бойынша бақтарын сынады.
Жарыс нәтижесінде жалпы командалық есепте ЖОО арасында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті жүлделі 3-орынға ие болды. Жарысқа қатысып, табандылық танытқан барлық студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
