Серік Ганиұлы Қанатбаев, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы, 10 оқу құралының, 4 монографияның, 30 әдістемелік нұсқаулықтың, 20 патенттің, ветеринариялық препараттарға 5 ҒТҚ, 250-ден астам ғылыми мақаланың авторы, оның ішінде Web of Science және Scopus халықаралық базалары бойынша 5 мақала (Хирш индексі Web of Science және Scopus базалары бойынша – 1), 35 мақала ҚР ҒЖБМ КОКСОН, ірі қара малдарының етті бағыттағы тұқымдарының эмбриондарын трансплантациялаумен, бруцеллез, лейкоз ауруларының эпизоотологиясының ерекшеліктерін және ауыл шаруашылығы жануарларының басқа да жұқпалы ауруларын зерттеумен, олардың диагностикасы мен алдын алу шараларын әзірлеумен айналысады. 2015-2017 жылдар кезеңінде «Қарашығанақ мұнайгазконденсат кен орнына (ҚМГКО) іргелес аумақтардағы экожүйелердің жай-күйін кешенді зерттеу» БҒМ бойынша жобаның жетекшісі болды.

Серік Ғаниұлының АР 19678641 «Маркерге бағытталған ірі қара малын өсірудің ғылыми негізделген тәсілдерін әзірлеу үшін лейкозға төзімділікпен байланысты BoLA-DRB3 генінің полиморфизмін бағалау» жобасы «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі» бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңесінің 2023 жылдың 17 шілдесіндегі шешімімен қаржыландыруға мақұлданды.

Ғылыми жоба жетекшісі мен зерттеу тобын және Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ұжымын құттықтаймыз! Ғылыми жобаны жүзеге асыруда жемісті еңбек пен мол табыс тілейміз!

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz