Университеттің “Қаржы және экономика” кафедрасының оқытушылары э.ғ.к., асс.проф. Құрманова Г. К. және э.ғ.к., асс.проф. Суханбердина Б.Б. 2024 жылғы 22-30 сәуір аралығында Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетінің «Экономика және экономикалық қауіпсіздік» кафедрасында ғылыми тағылымдама түрінде біліктілігін арттырудан өтті.
Ғылыми тағылымдама бағдарламасына қатысу кәсіптік даярлықты арттыруға, жаңа құзыреттерді игеруге, инновациялық технологиялармен танысуға, жоғары оқу орындарының ғылыми-практикалық қызметі саласындағы байланыстарды дамытуға және нығайтуға мүмкіндік берді. Ғылыми тағылымдамадан өту аясында ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланды.
Тағылымдаманың негізгі бағдарламасынан өзге ұйымдастырушылар қатысушыларға Самара қаласының тарихы мен мәдениетімен танысуға мүмкіндік берді.
Ғылыми тағылымдама қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар берілді.


