2024 жылдың 22 ақпанында БҚИТУ Білім және менеджмент институтының кәсіптік бағдар беру мамандары  аға оқытушылар Р. С. Ислямов пен А. А. Кубашев Тасқала ауданының мектептерінде болып, мектеп түлектеріне 2024-2025 оқу жылына арналған жоғары оқу орнына қабылдау қағидаларын түсіндіру мақсатында БҚИТУ-ға қабылдау жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесінің ерекшеліктерін айтып көрсетті. Түсіндіру жұмыстарына 84 түлек қамтылды. Кәсіптік бағдар беру жұмысы Тасқала ауданының Ы.Алтынсарин атындағы, С. Жақсығұлов атындағы, Қ. Сәтбаев атындағы мектептерде, “Сәулет” мектеп-лицейінде оздырылды. Түсіндіру жұмыстары барысында түлектер мамандардан жоғары оқу орнына түсуге қатысты сұрақтар қойып, жауап алды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz