2025 жылдың 8 қазанында Мұнай-газ инженериясы кафедрасының эдвайзерлері білім беру бағдарламасының 6В07201/6В07204 – Мұнай-газ ісі мамандығының бойынша жетекшілік ететін топтармен бірге Батыс Қазақстан тарихи Өлкетану мұражайына барды. Қазақстанның көне музейлерінің бірі – Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі 1836 жылы құрылған. Музей орналасқан ғимарат 1879 жылы мавритан стилінде салынған сәулет ескерткіші болып табылады.
Облыстық тарихи-өлкетану экспозициялық 8 залдан тұрады: археология; ортағасырлық Алтын Орда кезені және Жайық қалашығының пайда болуы; Кіші жүз тарихы; Бөкей Ордасы тарихы; Кеңестік дәуір кезеңінің тарихы; Батыс Қазақстан облысының білім мен ғылым, өнер мен мәдениет салаларының даму тарихы; этнография; Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тарихы. Білім алушылар мұражайдан Қазақстан тарихы жөнінде қызықты толық мағлұматтар алып, мұражай қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.