2024 жылдың 09 сәуірінде ТМО – 21О тобының білім алушылары аға оқытушы Губайдуллин Кумискалидің басшылығымен «Мұнайгаз кәсіпшілік жабдықтары» пәні бойынша тәжірибеге бағытталған сабақ өткізді. 6В07104 – «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» білім беру бағдарламасының білім алушылары Индустриялық-технологиялық институттың базасына барды, мұнай-газ ісінде пайдаланылатын негізгі жабдықтар бойынша толық ақпарат пен мәліметтер алды. Сонымен қатар, білім алушылар мұнай мен газ өндіруде қолданылатын сорғы-компрессорлық құбырлармен танысып, олардың макетін өз көздерімен көрді. Тәжірибеге бағдарланған сабақ барысында болашақ мамандар өз сұрақтарын ашық қойып, өз мамандықтарына қызығушылық танытты.


