2022 жылдың 11 мамырында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің инженерлік-гуманитарлық факультетінде “Novateq group” ЖШС жетекші маманы М.Н. Сейталиев және “Novateq group” ЖШС HR менеджері С.Х. Иржановамен факультетте білім алушылармен кездесу өтті.
Осы кездесуде “Novateq group” ЖШС өкілдері кәсіпорынның өндірістік қызметі, бос жұмыс орындары туралы айтып берді, білім алушыларға сауалнама жүргізді және кездесу соңында факультет білім алушыларының өндірістік және дипломалды практикадан өтуіне шарт жасады.
