2022 жылдың 22 сәуірінде БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультетінің “Стандарттау және сертификаттау” білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері “Қазстандарт” стандарттау және метрология институтының Батыс Қазақстан филиалының маманы Ертуғанов Қанат Мұсаевичпен кездесті.

Маман-практик “ҚР “өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы” Заңын жүзеге асырудағы Нормативтік құқықтық актілер ” тақырыбында дәріс оқыды, онда студенттерге өлшеу құралдарын тексеру және калибрлеу рәсімін егжей-тегжейлі түсіндірді, калибрлеу жұмыстарының ерекшелігі мен артықшылығын атап өтті. Білім алушылар Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер туралы ақпарат алды.

Дәріс барысында студенттер осы тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған мәселелер бойынша толық ақпарат алды.

“Қазстандарт” Қазақстан стандарттау және метрология институты БҚФ бас маманы Айман Мақсотқызы Удишеваға біздің жоғары оқу орнымыздың білім беру үдерісіне қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз және одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz