2025 жылғы 6 қарашада БҚИТУ салалық технологиялар институтының маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық басқармасы Орал қаласының М. Мәметова атындағы №27 мектеп-лицей оқушыларының ата-аналарымен кездесуге қатысты.
Кездесудің басты мақсаты — оқу бағыттары туралы ақпарат берумен қатар, ата-аналарға балаларының болашақ мамандығын саналы таңдауда қолдау көрсету.
Мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі ҰБТ өткізу мерзімдері мен тәртіптері туралы баяндама жасады, университет мамандары БҚИТУ-де білім алу бағдарламалары, грантқа түсу мүмкіндіктері және оқу артықшылықтары жөнінде ақпаратпен таныстырды.
Кездесу жылы әрі ашық атмосферада өтті. Ата-аналар белсенді түрде сұрақтар қойып, пайдалы ақпарат үшін алғыстарын білдірді.