2019 жылдың 26 қараша күні сағат 12.00 Батыс- Қазақстан инновациялық- технологиялық университеті Гуманитарлық-заңтану факультетінде «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетінің өзекті мәселелері»атты ашық дәріс өткізілді. Дәрісті Батыс Қазақстан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бөлім бастығы Б.М Хайрулин өткізді. Дәріске факультет студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы белсенді қатысты.
Дәріс барысында Б.М Хайрулин жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастырушылық құрылымының мақсат міндеттері туралы сөз қозғалды.
Агенттіктің жұмысы бойынша нақты мысалдар келтіріп,презентация ұсынылды. Студенттер мен оқытушылар агенттіктің жұмысының бағыттары туралы сұрақтар қойып отырды.Жалпы дәріс факультеттің 20 студенті және 6 оқытушымен факультетің деканы К.Х. Капанов қатысты.Кездесу нәтижелі өтті,студенттер дәрістің тақырыбына аса қызығушылық танытты.
