17 қаңтар 2023 жылы «Қазақстан Орал» телеарнасының  «Күншуақ» бағдарламасына Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің оқытушылар, қызметкерлер мен студенттер арасында өткізілген «Жыл үздігі – 2022» байқауының жеңімпаздары шақырылды.

Аталмаш байқау 2014 жылдан бері білім беру жүйесінің дамуына ерекше үлес қосқан оқытушыларды, университетке ерекше адалдығымен еңбек етіп жүрген қызметкерлерді, облысымыздағы мемлекеттік жастар саясатын кеңінен насихаттауға және жүзеге асыруға үлесін қосқан, әр сала бойынша өз кәсіби шеберлігін көрсеткен жастарды анықтау мақсатында жыл сайын өтіп келеді.

«Күншуақ» бағдарламасының жүргізушісі Лаура Бекбулатова тікелей эфирде осы жобаның ұйымдастырушысы БҚИТУ тәрбие ісі жөніндегі проректоры А.И.Абекешев және университеттің оқытушылар арасында «Жыл адамы – 2022» аталымы бойынша п.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.С.Иргалиев, «Үздік оқытушы-әдіскер-2022» аталымы бойынша б.ғ.к, қауымдастырылған профессор Г.В.Уракчинцева, студенттер арасында «Оқу үздігі-2022» аталымы бойынша «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Р.Филипов, «Жас ғалым-2022» аталымы бойынша «Психология» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Я.Щербаковамен сұхбатасты.  

Сұхбат барысында «Жыл үздігі» жобаның ережелері, өткізу барысы, жобаға қатысушы үміткерлерге қойылатын талаптар т.б. сөз болды.

БҚИТУ тәрбие ісі жөніндегі бөлім

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz