Академик Қ. Сәтбаевтың 125 жылдығына және БҚИТУ ғылымның онкүндігі аясында “Сәулет және құрылыс” кафедрасында 05.04.2024 ж. кафедра оқытушылары мен білім алушылары “Қазақстандағы сәулет, құрылыс индустриясы, жерге орналастыру және кадастрды дамытудағы заманауи үрдістер” тақырыбында ғылыми-практикалық студенттік конференцияға қатысты.
Конференцияның мақсаты ПОҚ және кафедра білім алушыларының бірлескен ғылыми-практикалық зерттеулері; жобалардың ғылыми-зерттеу тәжірибесімен алмасу; оқу процесіне инновациялық технологияларды енгізу процесін жетілдіру болып табылады.
Кафедраның білім алушылары мен ғылыми жетекшілері баяндамалардың өзекті тақырыптарын дайындады. Конференция барысында сәулет, құрылыс, жерге орналастыру және кадастр саласындағы негізгі мәселелері мен сұрақтары, сондай-ақ ғылым мен практиканың даму перспективалары белсенді талқыланды.


