2025 жылғы 24 қазанда БҚИТУ-дың Білім және менеджмент институтында «Экономикалық емес білім беру бағдарламаларына арналған экономика» тақырыбында студенттік ғылыми конференция өтті. Ғылыми шара «Қаржы және экономика» кафедрасы «Психология», «Аударма ісі», «Құқық қорғау қызметі», «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламаларының студенттері үшін ұйымдастырылды.
Конференцияның мақсаты – студенттердің экономика, қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік саласындағы білімін тереңдету. Іс-шарада студенттер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде 18 мазмұнды баяндама жасады.
Конференция екі тақырыптық секция аясында өтті: экономикалық қызметтегі ағылшын тілінің рөлі (модератор – э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Г.К. Құрманова), зерттеулердегі экономика мен психологияның өзара байланысы (модератор – э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Б.Б. Суханбердина).
Осындай форматтағы конференцияның өтуі студенттерге біртұтас ғылыми қоғамдастықтың бір бөлігі ретінде сезінуге, экономика мен психология, халықаралық сауда және қаржы тілі ретіндегі ағылшын тілінің тоғысындағы пәнаралық саладағы өзекті тақырыптарды талқылауға мүмкіндік берді.
