2025 жылдың 11-14 қараша күндері ‘‘Орал’’ спорт клубының базасында Халықаралық студенттер күніне орай жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында «Студенттік рух – 2025» атты спартакиадасының ашылуы өтті.
Салауатты өмір салтын насихаттау мен бұқаралық спорт түрлерінің одан әрі дамуын қалыптастыру мақсатында оздырылған ойында жеке спорт түрлері бойынша БҚИТУ студенттері жүлделі орындарға ие болды. «Қазақ күресі» бойынша: Тұрарбай Ринат Төлегенұлы (66 кг) – ІІІ орын, Адиетов Алихан Бауржанович (74 кг) – І орын, Саламат Қайсар Дидарұлы (82кг) – ІІ орын, Иманғазы Азат Русланбекұлы (90 кг) – І орын, Ахметов Ерасыл Жайсаңұлы (90+кг) – І орын. Команда жетекшісі: Мендигалиев Батырбек Сарсенбаевич.
Қыздар арасында өткен «Қол күрес» сайысында: Рустамова Гаухар (65+ кг) – II орын, Власенко Яна (65кг) – III орын, Батыр Қамажай (55кг) – жүлделі III орындарды қанжығаларына байлады.
Сонымен қатар, командалық сайыста «Тоғызқұмалақ» – I орын. «Арқан тарту», «Футзал» сайыстарында – ІІІ орын иеленіп, университет намысын абыроймен қорғады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ‘‘Орал’’ спорт клубының атынан арнайы кубок, диплом, медальдармен марапатталды.
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттері спорттық сайыстарда белсенділік танытып, өздерінің ептілігі мен бірлігін көрсетті. Барлық қатысушыларды ерік-жігері, ұйымшылдығы және жеңіске деген ұмтылысы үшін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да осындай табыстар мен жарқын жеңістер тілейміз!




