2025 жылдың 13 қарашасында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде дәстүр бойынша «Студенттер қатарына қабылдау» салтанаты өтті. Мерекелік кеш салтанатты рәсім мен концерттік бөлімнен тұрды. БҚИТУ ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Б.Т. Шакешев университеттің бірінші курс студенттерін құттықтап, білім жолында сәттілік тіледі. Дәстүр бойынша бірінші курс студенттері ант қабылдағанан соң, университеттің бірінші және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры С.А. Машанова студенттік билеттер табыстады. Концерттік бағдарламада әр институттың студенттерінен құрылған топтар заманауи би, вальс, вокал әндері бойынша қойылымдар қойып, өнерлерін көрсетті. Мерекелік шарада өңірімізге танымал әншілермен бірге ән шырқап, викториналық ойындар ойнатылды. Мерекелік шара жоғары деңгейде өтті.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz