Ұстаздар мерекесі қатардағы көп ресми күндерден аясы әлдеқайда кең күн. Бұл күні балабақша тәрбиешісінен бастап, орта мектеп мұғалімі, жоғары оқу орнының оқытушысы ерекше құрметке бөленеді. Мерекені кешегі оқушы, бүгінгі студент жаңа оқу жылымен ғылыми ортада ұстаздарымен атап өтеді. Ұстаздың ел өміріндегі ролі, қоғамдағы келбеті қашанда қадірлі. Дәстүрге сай Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Педагогика және Тілдер және менеджмент факультеті осы салада қызмет жасап жатқан барша ұжым өкілін мерекелік концертпен құттықтады.

   Ректорат атынан университеттің бірінші және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры тех.ғ.к., Б.Т. Шакешев құттықтау сөз сөйлеп, “Ұстаз – адамзат баласына тұлға болып қалыптау жолында бар білгенін аямайтын қадірлі жан. Жақсылықты тануды, болашаққа сеніммен қарауды ұстаздан үйренеміз” дей келіп, “шәкірттің ұстазға деген құрметі ісімізге жігер береді” деді.

   Концерттің салтанатты бөлімінде университет оқытушылары БҚИТУ ректорының Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды.

   Концертке түрлі курстар мен мамандықтардың студенттері қатысып, оқытушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады.

   Бұл күнді әлемнің 100-ден астам елі 1994 жылдан бері дүниежүзілік Мұғалімдер күні (World Teachers’ Day) ретінде атап өтеді. Бұл барлық мұғалімдердің, оқытушылар мен білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі — барлық деңгейдегі сапалы білім беру процесіндегі мұғалімдердің рөлі мен сіңірген еңбегі, сондай-ақ олардың қоғамның дамуына баға жетпес үлесі атап өтілетін күн.

 

БҚИТУ ұйымдастыру-тәрбие бөлімі

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz