Қазан айының 16-17 күндері аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған “SENIMMEN BIRGE” Республикалық студенттер Форумы өткізілді. Аталған шараға университетіміздің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Абекешев А.И. және 10 студент қатысты. Форум жұмысында елімізге танымалы спикерлер катысты:
Ақерке Абылайхан – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасы.,
Гултас Құрманбай – Назарбаев университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, Ұлттық мәдениет орталығының басшысы, “Абайтанушы”.,
Тимур Бектұр – Бостон университетінің магистрі, IT ағартушы, IT аналитик және Гүлмира Сарина – Қазақ әні өнерінің көрнекті өкілі, әнші, композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері.
Спикерлер Хәкім Абайдың Толық адам концепциясын, ақының өлеңдері туралы, жаңа дәуірде жасанды интеллект арқылы “Абай жолы” романның электрондық форматқа аударып, жастарға жетімді түрін көрсетті.
Сонымен қатар Форум бағдарламасында “KEMELEN” қазақша QUIZ, Этно-ауыл көрмесі, “08_PROMAX” сияқты қызық шаралар орын алды.
Аталған Республикалық Форумға 19 жоғары оқу орнынан 200 жуық студент жастар қатысты.
Форум жоғары деңгейде өттіп, студенттер көңілінен шықты.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz