Қабылдау комиссиясының жұмысы барысында «Сәулет және құрылыс» кафедрасының оқытушылары Батыс Қазақстан облысының мектептері мен колледждерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарына белсене қатысты.
Кәсіби түрде жүргізілген жұмыс пен оқытушылардың жеке көзқарасының нәтижесінде кафедрамыздың жұмысы туралы ақпарат сапалы түрде жеткізіліп, әрбір өтініш берушіге кеңестер берілді.
«Сәулет және құрылыс» кафедрасы оқытушыларының кәсіптік бағдар беру жұмысының қорытындысы бойынша 6В07302 – «Құрылыс», 6В07301 – «Сәулет», 6В07303 – «Жерге орналастыру және кадастр» білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік білім грантын иеленген талапкерлер топтамасы құрылды.
Мемлекеттік білім гранттарын иеленуші үміткерлерді құттықтаймыз!
Алдағы білім белестеріңізге сәттілік тілейміз!