2024 жылдың 8-сәуірінде күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Орал қаласындағы Оқушылар сарайының робототехника бөлімі басшысы Қырықбаев Нұрбол Мұсаұлы «ЖОО білім алушыларына арналған Lego Education және Vex роботтарының қолданылуы» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Шараға «Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушы студенттер және магистранттар қатысты.

Шеберлік сағатының мақсаты – білім алушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын ілгерілету, инновациялық қызметті танымал ету, білім беру робототехникасы саласында озық тәжірибемен алмасу, мықты робототехникалық командаларды анықтау. Қатысушыларға Lego maindstorms education ev3, Arduino робототехника жинақтарының жұмысы таныстырылып, бағдарламалық жазуы көрсетілді.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz