Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл ел тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің символына айналған айтулы мерекені ұлықтауға бағытталған дәстүрлі басқосу болды.

Іс-шара университет ректорының құттықтау сөзімен ашылды. Ол жиналғандарды еліміздің маңызды мерекесімен құттықтап, Республика күнінің тарихи және рухани маңызын атап өтті. Өз сөзінде ректор тәуелсіз Қазақстанның даму жолында ғылым мен білімнің ерекше рөлін, сондай-ақ жастардың жауапкершілігі мен ел болашағына қосар үлесін атап өтті.

Салтанатты бөлім барысында университеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына, оқу және ғылыми қызметке сүбелі үлес қосқан қызметкерлер мен студенттер марапатталды.

Мерекелік бағдарлама концерттік нөмірлермен жалғасты. Университеттің шығармашылық ұжымдары мен талантты студенттері патриоттық әндер мен би қойылымдарын орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Республика күні  әрбір азамат үшін айрықша мәнге ие мереке. Ол ел бірлігі мен тәуелсіздігін, ұлт рухының асқақтығын дәріптейді. Университет ұжымы бұл күнді ерекше рухта атап өтіп, Отанға адал қызмет ету мен білім арқылы ел дамуына үлес қосу – әрбір жастың басты міндеті екенін айқындады.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz