7 желтоқсанда 6В07105 – «Автоматтандыру және басқару (салалар бойынша)» ББ білім алушылары «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының оқытушыларымен «Жайықтеплоэнерго» АҚ-ға барды.
Бақылау өлшеу құрал цехының басшысы Герасимов Виктор Александрович білім алушылаға экскурсия өткізді. Білім алушылар цех жұмысының қуаттылығына, өндірістік процестерді автоматтандыруға таң қалды. Автоматты түрде басқару орталығына ақаулық немесе апат қайда және қай жерде орын алғаны туралы сигнал келеді. Білім алушылар жапондықтармен орнатылған жапондық турбинаны көрді және мерзімді түрде профилактикалық жөндеу кестесіне сәйкес Оралға келіп, профилактика жүргізеді.
Қазандықтардағы суды 4000 градус Цельсия ға дейін бумен немесе су арқылы қыздыруға болады. Температура белгілі бір деңгейде сақталады; электронды құрылғыларда автоматты түрде уақыт бойынша жазба жасалып, әр уақытта судың қандай да температурасын көре аламыз.
Білім алушылар экскурсияға қызығушылық танытты, осы кәсіпорында, осы цехта өндірістік тәжірибеден өтуге шешім қабылдады.
Қызықты экскурсия үшін акционерлік қоғам басшылығына рахмет!


