2026 жылдың 13-қазанында филология және оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Н.Б. Кужакметованың «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушыларына «Ою-өрнек – ұлттық өнердің айнасы» тақырыбында жоспарға сәйкес ашық сабақ өткізілді.
Жоспар бойынша сабақтың мақсаты – білім алушыларға қазақ халқының ұлттық ою-өрнектерінің тарихы мен маңызын таныстыру, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақ барысында білім алушылар ұлттық ою-өрнектердің түрлерімен танысып, олардың ерекшеліктері мен мағыналарын талқылады. Шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы өздерінің өнерге деген қызығушылықтарын, ізденімпаздықтары мен белсенділіктерін көрсетті.
Сабақ қорытындысында белсенділігімен және шығармашылық қабілетімен ерекшеленген білім алушылар арнайы номинациялар бойынша марапаттау қағаздарымен марапатталды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz