6В11301 – Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру,
6В07101 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары,
6В07104 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар білім беру бағдарламаларының 1 курс білім алушылары топ эдвайзерлері Д.Ж. Гумаров, Л.Х. Сарсенбаева, М.К. Уразгалиевамен бірге «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-на танымдық экскурсия жасап қайтты.

Экскурсияның басты мақсаты – студенттерді өндірістік үдерістермен таныстырып, болашақ мамандықтарының нақты жұмыс ортасымен бетпе-бет келтіру. Кәсіпорын мамандары білім алушыларға зауыттың құрылымын, негізгі өндірістік цехтардың жұмысын, заманауи техника мен технологиялардың қолданылуын жан-жақты түсіндірді.

Экскурсия барысында студенттер өндірісте қолданылатын машиналар мен жабдықтардың жұмыс принциптерімен танысып, көлік техникасын пайдалану мен жүк тасымалдауды ұйымдастырудың практикалық қырлары жөнінде мол мағлұмат алды. Сонымен қатар, қауіпсіздік техникасы, өндірістегі еңбек тәртібі және болашақ мамандарға қойылатын кәсіби талаптар туралы да маңызды ақпарат берілді.

Мұндай тәжірибелік экскурсиялар білім алушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби бағдарын айқындауға үлкен септігін тигізеді. Студенттер өз кезегінде экскурсиядан үлкен әсер алып, өндірістік ортадағы нақты міндеттер мен жауапкершілікті тереңірек түсінгендерін жеткізді.

Өндіріс орнымен тығыз байланыс орнату – сапалы маман даярлаудың маңызды бөлігі. Алдағы уақытта да осындай мазмұнды іс-шаралар өз жалғасын табады деген сенім мол.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz