2024 жылдың 27 ақпан күні Назарбаев Университетінің өкілдері БҚИТУ Білім және менеджмент институтының оқытушылары мен студенттеріне кездесу өткізді. Назарбаев Университетінің спикері Алуа Каримова «Талапкерлерді қабылдаудың халықаралық тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасап, баяндама барысында Назарбаев Университетінің академиялық дәрежелері туралы (бакалавр, магистратура, докторантура, резидентура) ақпарат беріп, оларға түсу ережелерін түсіндірді. Университеттің академиялық ұтқырлық саясаты бойынша шетел ЖОО-мен ынтымақтастық байланыстарын көрсетті. Шара барысында студенттер өздеріне қызықты сұрақтар қойып, қажетті ақпарат алды.