Наурыз мейрамы – ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, ізгілік пен бірлікті насихаттайтын ерекше мереке. Осыған орай Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы ағымдағы жылы Наурызнама онкүндігі аясында бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырды.

15 наурыз – Қайырымдылық күніне арналған «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық шарасы өткізілді. Аталған игі бастама аясында мұнай-газ инженериясы кафедрасының оқытушылары мен білім алушылары
Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы кешен мектеп-интернат-колледжі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, тәрбиеленушілерге арнайы сыйлықтар табыстады. Бұл шара мейірімділік пен жанашырлықтың жарқын үлгісіне айналып, қоғамда қайырымдылық мәдениетін дамытуға өз үлесін қосты.

2026 жылғы 17 наурыз күні 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай «Ұлттық киім – ұлт айнасы» атты танымдық шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ұлттық киімнің тарихы мен ерекшеліктері кеңінен насихатталып, студенттердің ұлттық мәдениетке деген қызығушылығы артты. Қазақтың дәстүрлі киім үлгілері арқылы ұлттың болмысы мен рухани мұрасы дәріптелді.

Сонымен қатар, студенттер арасында СТИ Комплеанс қызметі ұйымдастырған «Адалдық – менің таңдауым» атты буклеттер байқауына белсенді қатысу қамтамасыз етілді. Білім алушылар өз шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, адалдық, әділдік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттайтын мазмұнды буклеттер дайындады.

Қорытындылай келе, Наурызнама онкүндігі аясында өткізілген бұл іс-шаралар жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және қоғамда адалдық қағидаттарын қалыптастыруға бағытталды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz