Қымбатты студенттер мен оқытушылар, жұмыс берушілер мен түлектер! Құрметті серіктестер!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз мейрамы ежелден ата-бабаларымызға жаңа жылдың келгенін, яғни жаңару басталғанын білдіреді. Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз – Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Бұл кезең – өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Бүгін де осынау шуақты мереке күні біз мол дастархан жайып, туған-туыс пен дос-жарандарды аралаймыз, оларға ізгі тілек тілеп, үйімізді, көшемізді ретке келтіреміз.
Халқымыз қашан да нұрлы үміттері мен сенімдерін Наурыз мерекесімен байланыстырып отырған. Осы қасиетті мереке қарсаңында барлық бастамаларымыз табысты болып, көктемнің шуағы әр шаңыраққа қуаныш әкелсін! Елімізді өркендетуге, өскелең ұрпақты білімді де тәрбиелі етуге бағытталған қажырлы еңбегіңіз әрдайым табысты болып, ойға алған барлық арман, жоспарларыңыз орындалсын!
Мереке құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
Ректор Б.Т.Шакешев