2025 жылдың 10 қазан айында Жалпы білім беру пәндер кафедрасының оқытушысы, психолог Ф.Ж Разахова факультетіміздің 1-курс студенттеріне «Мейрімділік-буллингке қарсы күш» атты профилактикалық іс-шара өткізді. Ақпараттық-түсіндірмелі жұмыстар жоспарына сәйкес өткізілген шарада білім алушыларға қарым-қатынас, буллинг, кибербуллинг, моббинг туралы презентациялау арқылы кеңінен түсінік береді. Шара ақпараттық- танымдық, құқықтық бағытта өтті. Студенттер тарапынан толғандырған сұрақтар қойылып, жауаптары алынды. Білім алушылар арасында психологиялық сұрақтар туындаған жағдайда СТИ жауапты мамандарына жүгінуге болатынын және жедел байланыс номерлері берілді.

