2025 жылдың 17 қазанында «Сәулет және құрылыс» кафедрасының аға оқытушы Сарсенғалиева Майра Гумаровна «Шығармашылық бағыттағы теориялық және практикалық сабақтардың әдістемесіндегі заманауи тәсілдер технологиясы» тақырыбындағы мастер-классын өткізді. Мастер-класс кафедраның оқытушылары үшін шығармашылық және қызықты форматта өтті. Қатысушылар оқытудың әдістемелік ерекшеліктері туралы берілген ақпаратты жоғары бағалады. Іс-шара барысында заманауи сәулет үлгілері көрсетіліп, әртүрлі курс студенттерінің қызықты шығармашылық идеялары мен жұмыстары таныстырылды. Мастер-класс барлық қатысушылар тарапынан оң қабылданып, мазмұнды және танымдық сипатта өтті.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz