2025 жылғы 19 қарашада «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Жумагулова Г.А. 6В03101-Психология білім беру бағдарламасының 2-курс студенттеріне арналған «Маркетинг психологиясы» пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақ семинар түрінде өтті. Қойылған мақсаттар мен міндеттер толық орындалды: семинар барысында студенттер брендингтің тұтынушылардың тұрақты таңдауларын қалыптастыруына әсер ететін брендтің рационалдық, эмоциялық және құндылық деңгейлерін тәжірибеде қолданды. Жұмыс интерактивті форматта ұйымдастырылды: фронтальды сұрақ-жауап, кейс-талдау, топтық жұмыс және шығармашылық арт-визуализация. Семинар цифрлық рефлексиямен аяқталып, студенттер өздерінің негізгі инсайттарын бөлісті. Ашық сабаққа кафедра оқытушылары қатысып, семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және студенттердің белсенділігін атап өтті.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz