2025 жылдың 14 қараша күні «Қаржы және экономика» кафедрасының аға оқытушылары Д.С.Тогашева, А.К.Нурманова Ұлттық валюта күніне орай “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі” Батыс Қазақстан филиалына кафедраның білім алушыларымен мұражайына экскурсия жасады.
Мұражайдағы экскурсия барысында білім алушылардың есептегіш техникалардың түрлері, яғни механикалық құралдардан бастап қазіргі цифрлық компьютерлерге дейінгі банк саласындағы есептегіш техникалар, ҚР Ұлттық банкі құрылғаннан бастапқы басшылары туралы нақтырақ ақпарат алды.
Білім алушылар 1993 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі ұлттық валюта (теңге), сонымен қатар монеталар, естелік монеталар, сыйлық монеталарға қызығушылықтары оянды.

