29 тамыз күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Конституцияның баптарын талқылауға арналған «Ата заң – тәуелсіз ел тұғыры» атты дөңгелек үстел өткізілді, отырысқа оқытушылар мен студенттер қатысты.
Отырысты модератор ретінде БҚИТУ тәрбие ісі жөніндегі проректор Абекешев Аянбек Иманбаевич ашты. ҚР Конституция күніне орай алғашқы құттықтау сөзі Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ректордың уақытша міндетін атқарушы, экономика ғылымдарының кандидаты Машанова Самал Амангельдиевна берілді. Ол мемлекеттің дамуы мен Конституцияның құрылу тарихына қысқаша тарихи талдау жасап, университет ұжымын мемлекеттік мерекемен құттықтады.
Әкімшілік және құқықтық реформалар, жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту, әлеуметтік жаңғырту бағытында «Тарих және құқық» кафедрасының кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., профессор Балыкова Аққайын Муратовна баяндама жасады.
Шара соңында дөңгелек үстелге қатысқандар сөз алып, пікір алмасты.