2025 жылдың 4 желтоқсанында 6В06104 – «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын ВТиИС-22О тобында Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының аға оқытушысы Қайранбаева А.Б. «Кәсіби саладағы ақпараттық технологиялар. Индустриялық АКТ» тақырыбында ашық тәжірибелік сабақ өткізді.
Сабақ барысында білім алушылар мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің қазіргі рөлімен, IT саласының өзекті даму үрдістерімен және индустриялық ақпараттық қауіпсіздік негіздерімен танысты. Сабақтың негізгі мақсаты – ақпараттық технологиялардың медицина, энергетика, өнеркәсіп және басқа да кәсіби салалардағы маңызын көрсету болды.
Практикалық жұмыс кезінде заманауи цифрлық сервистер пайдаланылды. Бейнематериал дайындау үшін D-ID платформасы қолданылды — бұл жасанды интеллект негізіндегі құрал, ол статикалық суреттерді “тірілтіп”, мәтін немесе аудио бойынша ерін қозғалысын синхрондай отырып, бейне жасауға мүмкіндік береді. Мәтінді дыбыстау үшін Freetts платформасы пайдаланылды. Интерактивті тапсырмалар LearningApps және Wordwall білім беру платформалары арқылы ұйымдастырылды.
Сабақтың бастапқы кезеңінде білім алушылар LearningApps платформасында тақырыпқа қатысты жауаптарды жіктеу тапсырмасын орындады. Теориялық бөлім түсіндірілгеннен кейін дұрыс жауапты таңдауға арналған шағын викторина өткізілді.
Сабақтың қорытындысында Wordwall платформасында «Ғарыштағы IT-қорапшалар» әдісі қолданылып, білім алушылар сұрақ жазылған карточкаларды таңдап, дұрыс жауапты анықтады.
Цифрлық құралдарды тиімді пайдалану студенттердің сабаққа қызығушылығын арттырып, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді және олардың кәсіби әрекеттегі қолданылуын тәжірибе жүзінде көрсетті.


