2024 жылғы 20 ақпанда БЖЗ-31О тобының білім алушыларында Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің зертханасында «Өнеркәсіп және қоршаған орта» пәні бойынша тәжірибеге бағдарланған сабақ өтті. Сабақты зертхана меңгерушісі Исмаилова Нұрлы Талапқызы өткізді.
Сабақтың мақсаты – зертханалық жабдықтарды, олардың құрылғыларын және зертханалық-аналитикалық бақылауды жүзеге асыру технологиясын іс жүзінде көрсету болды. Білім алушылар атмосфералық ауаның, топырақтың, судың, өнеркәсіптік шығарындылардың сынамаларын алу әдістемелерімен танысты. Сондай-ақ ГАНК-4, Testo-350 газ анализаторларының, КФК 3М фотометрінің, МАКС GVM спектросканының, 02-5Н флюоратының және т.б. құрылғыларымен танысты және жұмысымен білім алушылар ауаның, су және жер ресурстарының экологиялық мониторингіне қатысты қызықты және танымдық ақпарат алды. Н.Т. Исмаилова білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.
Нұрлы Талапқызына қызықты сабақ өткізгені үшін алғысымызды білдіреміз және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз!

