2025 жылдың 02 желтоқсанында Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының аға оқытушысы Д.Е.Жукенова педагогикалық шеберлік мектебі аясында «Joyteka платформасындағы кейс сабақтар» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.
Шеберлік сағат барысында қатысушыларға Joyteka білім беру платформасының мүмкіндіктері таныстырылып, кейс әдісі арқылы интерактивті сабақтарды ұйымдастырудың тиімді жолдары көрсетілді. Шеберлік сағат тыңдаушылары практикалық бөлімде нақты кейстерді құрастыру, тапсырмаларды жасақтау және білім алушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған құралдармен жұмыс жасап көрді.
Шеберлік сағат оқытушылардың цифрлық құзыреттілігін арттыруға, сонымен қатар Joyteka платформасын қолдану арқылы оқу үдерісін жетілдіру дағдыларын дамытуға бағытталды. Қатысушылар шеберлік сағаттан өз жұмыстарында қолданатын жаңа әдістемелік ұсыныстар мен практикалық тәжірибе алды.


