2023 жылдың  01-03 наурызы  аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Педагогика, Тілдер және менеджмент факультеттерінде Офис тіркеу бөлімінің ұйымдастыруымен «Эдвайзер және Студент»  атты апталық өтті.

Апталықтың мақсаты топ жетекшісі мен білім алушылар арасында ынтымақтастық орнату. Сол арқылы екі тараптың бір мақсаттағы шығармашылық жұмысының нәтижесін көрсету. Сондай-ақ  білім алушылардың оқу үдерісі мен оқудан тыс қосымша білімін жетілдіруге қызығушылықтарын арттыру, заманауи іс-әрекеттерді ұйымдастыру қабілеттерін қалыптастыру.

Шараға қатысушы эдвайзерлер мен студенттер апталықтың мазмұнына қызығушылық танытып, белсенділік көрсетті. Апталықта түрлі номинациялар тағайындалып, үздіктер ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz