«Сәулет және құрылыс» кафедрасында «Геокурс» ЖШС өкілі Еламан Аскарович Аскаровпен 6В07303 «Жерге орналастыру және кадастр», 6В07301 «Сәулет» білім беру бағдарламаларының 2-курс студенттерінің кездесуі өтті.
Іс-шараның мақсаты — студенттерді заманауи геодезиялық технологиялармен және құрал-жабдықтармен таныстыру, олардың практикалық білімдерін және кәсіби құзыреттерін арттыру.
Кездесу барысында студенттердің назарына заманауи E-Survey E300 геодезиялық құралы ұсынылды.
E-Survey E300 — жергілікті нысандардың координаттарын жоғары дәлдікпен анықтауға, нүктелерді табиғатқа шығаруға, сондай-ақ жерге орналастыру және геодезиялық жұмыстарды (аудандар мен көлемдерді есептеу және т.б.) орындауға арналған көпжиілікті GNSS-қабылдағыш. Құрылғы түрлі спутниктік жүйелердің сигналдарын қадағалайды және өлшеу дәлдігін арттыруға бағытталған заманауи технологияларды қолдайды.
Кездесу қорытындысы бойынша студенттер кәсіби қызметтерінде қолдануға болатын көптеген пайдалы және тәжірибелік ақпарат алды.

