2024 жылдың 8-ші сәуірде БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультеті «Көлік және технологиялар» кафедрасының 6В07101 Көлік, көлік техникасы және технологиялары және 6В11301 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру білім беру бағдарламалары бойынша 1-3 курс студенттері мен кафедрасының аға оқытушылары Оралдағы EXEED ресми дилері “Eurasia Motor Uralsk” ЖШС-не таныстыру экскурсиясын өткізді.

“Eurasia Motor Uralsk” ЖШС директорының орынбасары білім алушылармен кездесіп, автосалонның негізгі бөлімдерімен таныстырды: қабылдау, сату бөлімі, техникалық қызмет көрсету станциясы, паркинг.

Автокөлік паркі жаңа және қолданыста болған машиналарынан тұрады.

Сондай-ақ білім алушыларды кәсіпорын құрылымымен және ұжымымен, кадрлардың жалпы санымен және кәсіпорын үшін мамандардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырумен таныстырды. Таныстыр барысында білім алушыларға одан әрі жұмысқа орналаса алатындай, жазғы практикадан өту ұсынылды. Студенттер ұйымның ресми өкіліне түрлі сұрақтар қою арқылы қызығушылық танытты. Экскурсия заманауи өндіріс техникасы мен технологиясы туралы жалпы түсінік алуға, оларды кәсіпорындардың құрылымымен, ондағы жұмыс жағдайлары мен ерекшеліктерімен таныстыруға мүмкіндік берді.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz