Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының оқытушылары 2025 жылдың 13 қарашасында «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК (Астана қ.) ұйымдастырған халықаралық сапа күніне арналған семинарға қатысты. Іс-шараның тақырыбы: «Болашақтың сапасы мен стандартталуы: тұрақты даму, цифрлық трансформация, өмір сапасы».

Дүниежүзілік сапа күнінің басты міндеті – өнімдер мен қызметтердің жоғары деңгейінің маңыздылығын атап өту, сондай-ақ сапа мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару. Бұл адам мен қоршаған орта үшін тауарлардың қауіпсіздігіне ғана емес, сонымен қатар тұтынушылардың қанағаттануына, олардың үміттері мен сұраныстарына да қатысты. 2025 жылы Сапа күні «Сапа: басқаша ойла» ұранымен өтті, бұл сапаны басқарудың дәстүрлі тәсілдерін қайта қарастыруға және заманауи, инновациялық шешімдер қабылдауға итермелейді.

Семинар барысында спикерлер цифрлық экономика жағдайында стандарттаудың маңыздылығына, ISO халықаралық стандарттарын және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жаңа нормаларды енгізуге егжей-тегжейлі тоқталды.

Кәсіби мерекелерге арналған іс-шараларды өткізу әр түрлі саладағы мамандардың еңбегінің маңыздылығын атап өтуге мүмкіндік береді. Біздің университеттің «Стандарттау және сертификаттау» және «технология және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» ББ оқытушылары үшін осындай іс – шараларға қатысу – бұл өнімдер мен қызметтер сапасының өзекті мәселелерін талқылау орталығында қалу мүмкіндігі.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz