2025 жылғы 17 қазанда 6В07205 «Технология және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының студенттері аға оқытушы Утарова М.М. жетекшілігімен №1 нан зауытына өндірістік экскурсия жасады. Экскурсия барысында студенттер кондитерлік өнімдерді дайындау технологиясымен тәжірибе жүзінде танысты.
Орал қаласындағы №1 нан зауыты – өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі. Студенттер зауыттың заманауи өндірістік желілерімен танысып, вафли, драже және круассан сияқты кондитерлік өнімдерді өндірудің барлық технологиялық кезеңдерін көрді.
Экскурсия барысында студенттер өндірістік жабдықтардың жұмыс істеу принциптерін, шикізатты қабылдаудан бастап дайын өнімді орауға дейінгі барлық өндірістік кезеңдерді зерттеді.
Бұл тәжірибе студенттердің теориялық білімдерін практикалық дағдылармен ұштастыруға мүмкіндік беріп, тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етудің маңызды аспектілерін тереңірек түсінуге көмектесті.
Зауыт мамандары өндірістік үдерістердің ерекшеліктері туралы кеңінен баяндап, өнім сапасын бақылау мен талаптардың сақталуына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, студенттер санитарлық-гигиеналық нормалар мен экологиялық стандарттарға қатысты сұрақтар қойып, кәсіби білімдерін кеңейтуге мүмкіндік алды.
Аталған өндірістік сабақ студенттерді өндірістік ортамен таныстыруға, заманауи технологияларды меңгеруге, сондай-ақ болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған маңызды іс-шара болды.


