Ағымдағы жылдың 5 желтоқсан күні Халықаралық волонтерлар күніне орай Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен “Орал студенттер Альянсы” корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Республикалық волонтерлік корпус жобасын қолдау мақсатында Облыстық «Үздік волонтер» сыйлығы табысталды.
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттік ректоры, “Дене шынықтыру және спорт” білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Жумабекова Айна «Білім беру саласындағы Үздік волонтер» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.
Университет әкімшілігі атынан А.Жумабекованы лайықты марапатымен құттықтаймыз және оған қоғамдық жұмыстарда жаңа жетістіктер тілейміз!
Ұйымдастыру және тәрбие бөлімі
