Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Салалық технологиялар институтының студенттері XVIII студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция аясында ZIAT республикалық конкурсына 41 ғылыми жоба ұсынды. Барлық жобалар жүлделі орындарға ие болды:
I дәрежелі диплом – 17 жоба
II дәрежелі диплом – 16 жоба
III дәрежелі диплом – 8 жоба

Сонымен қатар студенттерді кәсіби түрде қолдаған ғылыми жетекшілерге дипломдар табыс етілді.

Университет басшылығы жеңімпаздарды құттықтайды және оқытушыларға студенттердің ғылыми әлеуетін дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz