2025 жылғы 15-қазанда Теміртау қаласында Қарағанды индустриалды университетінің базасында Теміртау қаласының 80 жылдығына орай «Инновациялық технологиялар және инжиниринг» атты XIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференция үш бағыт бойынша өтті. «Тұрақты даму қамтамасыз етудегі білім экономикасы, инновациялық менеджмент және білім беруді трансформациялау» секциясына «Жаһандық экономикадағы жұмыспен қамту сипатының өзгеруі» баяндамасымен «Экономика» білім беру бағдарламасының III курс студенті Хайдарова Эльмира қатысты. Сөз сөйлеу қорытындысы бойынша Хайдарова Эльмира III орын алып, III дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшілері – Құрманова Г.К., э.ғ.к., қауымдастырылған профессор және Уразова Б. А., э.ғ.м., аға оқытушы. Студентіміз бен ғылыми жетекшілерді жүлделі орындарымен құттықтаймыз!